Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу мәселелеріне өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген «Ақорда» хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.