Бұл жағдайдың бейнежазбасы YouTube арналарының бірінде жарияланды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге шағым айтып келген тұрғындарды полиция мен шенеуніктер әкімдік ғимаратынан қуып шыққан.
Life.kz YouTube арнасында жарияланған видеода өңір басшысына келген азаматтарды полиция қызметкерлерінің есіктен шығарып жібергені анық көрінеді. Тұрғындарды қуып шығуды талап еткен ер азамат олардың «жұмыс істеуге кедергі келтіріп жатқанын» айтады.
«Ақтөбе облысының бір топ тұрғыны өңір әкімі Оңдасын Оразалиновтың қабылдауына жазылғысы келген. Алайда шенеуніктер халықпен кездесудің орнына полициямен бірігіп, облыс әкімдігінің ғимаратынан адамдарды қуып жіберді», – делінген YouTube арнасының астындағы жазбада.