Елімізде өткен тәулікте 1220 адам коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ал індеттен жазылып шыққандар саны – 2365

Фото ашық дереккөзден

Соңғы тәулікте Қазақстанда 1220 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

 Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір 35 407 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 609 пациент стационарда, 28 798 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус індетіне шалдыққандардың ішінде:

- 514 адамның жағдайы ауыр,

- 127 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 89 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.