Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады
Еліміздегі алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с жетеді.
Петропавлда ертең күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
13 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.