Оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Нұр-Сұлтан қаласында оқшаулау режимін бұзғаны үшін тағы 19 тұрғынға қатысты 87 510 тг (30 АЕК) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтанда COVID-19 бойынша «қызыл» және «сары» статусы бар тұрғындар үй карантинін бұзуды тоқтатар емес.
«Оқшаулау режимін бұзған тұрғындар, ең алдымен, айналасына инфекция көзі болып саналатынын есте ұстауы керек. Өзі жеңіл ауырғанмен өзгелердің өміріне зиян тигізуі мүмкін. Тіпті соңы өлімге әкелуі мүмкін», - деп жазды елорда әкімдігі
Нұр-Сұлтанда «Ashyq» қосымшасы арқылы 19 адам үй карантинін бұзғаны анықталды. Олар:
Әкімдіктің хабарлауынша оқшаулау режимін бұзу негізінен 14-күні тіркеліп жатады. COVID-19 үшін оң ПТР тесті бар барлық адам, сондай-ақ олармен байланыста болған адамдар үй карантинінде 14 күн болуы керек. Карантин оң ПТР тестін алған сәттен басталады және 14 күнге созылады.