Індеттің артуына вакцинацияның баяулауы әсер етіп отыр
Германияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың ең көп көрсеткіші тіркелді. Бір тәулік ішінде жұқтырғандар саны 40 мыңға жуықтады. Ал апталық өсімі 100 мың адамға шаққанда 230-дан асты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш мәліметтерді Кох институты келтірді.
Індеттің артуына вакцинацияның баяулауы әсер етіп отыр. Халықтың үштен бірі әлі күнге дейін коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
Германия халқының бір бөлігі көшелерде емін-еркін жүрудің маңыздылығына тоқталып өтті.
«Егер емін-еркін серуендеу, мейрамханаларға бару секілді мүмкіндіктер жасалса, екпе алғандар қатары көп болар еді. Саксонияда еркіндік өте маңызды.
Ресми көрсеткіштер өте жоғары. Бассейнге, мейрамханаларға, сол сияқты шетелге бару үшін тест тапсыру керек немесе екпе алу керек», - дейді Германия тұрғындары.
COVID-19 ауруының күрт өсуі Орталық Еуропаның өзге елдерінде, атап айтқанда Австрияда тіркелді, онда күніне 11 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталады. Жергілікті билік инфекцияны тоқтатудың жаңа шараларын талқылауда.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Ресейде бір тәулікте 39 400 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 1 211 адам қайтыс болды.