Жақсылық Үшкемпіровті еске алу: грек-рим күресінен республикалық турнир өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Жарысқа алыс-жақын шетелдік құрама командалар қатысады  

 

12-14 қараша аралығында Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир өтеді. Ашылу салтанаты 12 қараша күні сағат 10:00-де болады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бәсекенің мақсаты – елімізде грек-рим күресін насихаттау, олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алу, есімін жаңғырту, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жарысқа елімізбен қатар, алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командалары қатысады деп жоспарланған (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан). Қатысушылар: 45 кг, 48 кг, 51 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг және 110 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жарыста I, II, III орын алған спортшылар арнайы медаль, дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

I орын - 300 000 тг;

II орын - 200 000 тг;

III орын - 100 000 тг.