«Аңсаған сәби»: елімізде алты мың әйел адамға ЭКҰ жасалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі күні бедеулікпен есепте 14 мың әйел және 117 ер адам тұр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Есепке 2 мыңға жуық жүкті әйел тұрды, 40 бала дүниеге келді. Жалпы, ЭКҰ рәсімі 6 мың әйелге өткізілді, 740 - рәсім басталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Салауатты ұлт» атты «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында ЭКҰ-ға жыл сайын 2025 жылға дейін 7 000 квота бөлінетін болады. Бізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ЭКҰ-ға дайындалған пациенттердің барынша көп санын жыл сайын қамтамасыз ету мүмкіндігі болады», - деп хабарлады Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Мағрипа Ембергенова.

Айта кету керек, Қазақстанда 1995 жылдан бастап 85 000-ға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивтік технологиялар әдістерімен емделді. Қазіргі уақытта «пробиркадан» 25 000-нан астам бала дүниеге келді, елде 27 in vitro ұрықтандыру орталығы жұмыс істейді. 19-ының 16-сы – жекеменшік, 3-еуі – мемлекеттік.

«ҚР-да ЭКҰ бағдарламасы 2010 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) енгізілген. 10 жыл ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде 9 мыңға жуық ЭКҰ бағдарламасы қаржыландырылды, 3 000 бала дүниеге келді. Бүгінгі күні бедеулікпен есепте 14 мың әйел және 117 ер адам тұр.

Қазақстанда ЭКҰ жүргізу тиімділігі орта есеппен 15%-дан 42%-ға дейін өсті. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 32% деңгейінде, бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді», - делінген ведомство хабарламасында.