ШҚО-да заңсыз аю аулаған азамат ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Етін жеке пайдаланбақ болған, ал терісін сатуға ниеттенген

Шығыс Қазақстан облысында аюды заңсыз аулау фактісі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды анықтау және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

ШҚО полицейлері 3 қарашада Алтай ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтады. Ол Тұрсұғын ауылының маңында ілмекке аюды ұстап алған, оның етін жеке пайдалану үшін алды, ал терісін одан әрі сату үшін дайындауға ниеттенген.

Тәртіп сақшылары аталған азаматты ұстады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», - деді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 200-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 420 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 276-ы аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, бес браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.