БАҚ өкілдерінің жұмысы тоқтап қалды
Ауғанстанда журналистер жұмыссыз қалғандықтан Кабул көшелерінде жеміс-жидек сатуға мәжбүр. Бұл туралы Azattyq Rýhy РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жұмыстың жоқтығынан кей журналистер Кабул көшелерінде жеміс-жидек сатуға мәжбүр болып отыр», - делінген Tolo News телеарнасының хабарламасында.
Түрлі БАҚ-та 15 жыл қызмет еткен Хабиб Юсефи жағдайдың нашарлығынан әрі жұмыссыздықтан отбасын асырау үшін Ауғанстан көшелерінде сауда жасап жүр.