Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде үш облыс қана «қызыл» аймақта тұр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл» аймақта өтті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы тәулікте елімізде 2356 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты, ал 1128 адамнан коронавирус анықталды.

Қазақстанның эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, тек 3 өңір ғана «қызыл» аймақта тұр. Олар: Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.