Ең төменгі көрсеткіш екі облыста тіркеліп отыр
Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі екі есе төмендеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгін Үкімет үйінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, ең төмен көрсеткіштер Қостанай (14,1%-ға төмендеу) және Ақмола (10,9%-ға) облыстарында болып отыр.
«Саладағы өндірістің оң өсуі 9 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Павлодар (7,1%-ға өсу) және Шығыс Қазақстан (5,1%-ға) облыстары көрсетті», − дейді министр.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы кешенінде өнімнің жоспарланған сату көлемдерін және құрылыс саласындағы кезеңнің уақытында бітіруін қамтамасыз ету маңызды.
Белгілі болғандай, биылғы 10 ай қорытындысы бойынша құрысылыс саласы 7,6%-ға өсім көрсеткен. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Маңғыстау (22,8%-ға өсу) және Ақмола (16,9%-ға) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (22,2%-ға өсу) байқалады.
Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Шығыс Қазақстан (36,6%-ға өсу) және Қостанай (25,5%-ға) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (23,7%-ға) өсім байқалады.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы