Бұл туралы Ерлан Тұрғымбаев айтты
Өз мерзімін өтеп, бостандыққа шыққан педофилдерді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды білезіктер арқылы бақылауда ұстайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап шектеу шараларын бұзған тұлғаларға қатысты электрондық білезіктерді пайдалану көзделіп отыр. Бірінші кезекте білезіктер қадағалаудағы педофилдерге қатысты қолданылатын болады», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.