Синоптиктер сенбі күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды
«Қазгидромет» РМК 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.
Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.