Елімізде пневмония мен коронавирустан 12 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бір жарым жылда пневмониямен 80 мыңнан астам адам ауырды

Фото: adilettv.kz

Соңғы тәулікте елімізде 27 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл дерттен өткен тәулікте 3 адам қайтыс болып, 60 адам емделіп шықты. Ал коронавирустан 9 адам қайтыс болды.

2020 жылдың 13 наурызынан бері (коронавирус алғаш тіркелген күн) коронавирус пневмониясы жайлы мәлімет:

  • Ауырғандар – 80 356 адам;
  • қайтыс болды – 5 071 адам;
  • жазылып шыққандар – 69957 адам.

Айта кетейік, соңғы тәулікте елімізде 1031 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 1080 науқас емделіп шықты.