Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған 558 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 7 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 25 адам қайтыс болды.
7 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (–35 586 + және 5 364 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 558 адамның жағдайы ауыр,
- 142 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 5 қарашадағы мәлімет бойынша 145 жаңа жағдай тіркелді, 145 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 80 329;
- өлім жағдайы – 5 068;
- барлығы 69 897 адам сауығып шықты.