Түріктер АҚШ әскери күштеріне қарсы наразылығын осылай білдірген
Стамбул тұрғындары АҚШ әскери күштерінің келуіне наразылық білдіріп, олардың елден кетуін талап етті. Алайда, әскерилер олардың өтініштерін тыңдамады және ашуланған түріктер америкалық теңізшілердің бірінің басына пакет кигізді. Бұл сәт әлеуметтік желілерде жарияланды.
Бейнежазбадан белгілі болғандай, Whitney Mount кемесінен шыққан теңізші қала ішінде серуендеуге шешім қабылдайды, сол сәтте оны жергілікті тұрғындар қоршап алған. "Біздің жерімізден кеткеніңізді қалаймыз", - дейді бір ер адам ағылшын тілінде шетелдікке.
Теңізші қашуға тырысқанда, оны бірнеше ер адам ұстап алып, басына пакет кигізеді. Бұл оқиға желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Бірі түріктердің әрекетін қолдаса, енді бір топ мүның агрессивті әрекет екенін алға тартуда.