АҚШ-та балаларға вакцина салу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға Pfizer-BioNTech вакцинасы салынды

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды, деп хабарлайды Голос Америки агенттігі.

АҚШ-тың Коннектикут шататында бір топ бала COVID-19-ға қарсы алды. Оларға Pfizer-BioNTech вакцинасы салынды.

Вакцина 10 мкг-дан екі дозада енгізіледі, бұл 12 жастан асқан адамдар алатын мөлшердің үштен бірін құрайды. Дозалар үш апта аралықпен салынады. Олар әртүрлі пакеттерде жеткізіледі және балалар уколдар арқылы салынады.

«Алдағы аптадан бастап екпенің жеткілікті мөлшері болады. Вакцина пунктерінің де саны артады. Ата-аналар өз балаларына екпе салдыру үшін қабылдауға жазыла алады», - деді Джо Байден.