Президент жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.