Қаза болғандар арасында екі әйел адам бір бала бар
ИГИЛ Кабулдың ең ірі әскери ауруханасына шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әскери ауруханадағы оқиға салдарынан 20-дан астам адам қайтыс болды, тағы 50 адам жарақат алды. Мәлім бойынша содырлардың бірі өзін оқиға орнында жарып жіберді. Осыдан кейін террористер ғимаратқа шабуыл жасады. Шабуыл жасағандар арасында төрт адамды «Талибан» өкілдері өлтіріп, тағы біреуін тұтқынға алды.
Тәліптердің ІІМ баспасөз хатшысы Кари Саид Хостидің айтуынша қанды оқиға Кабулдың 10-ауданында Сардар Мухаммад Дауд Хан атындағы ауруханада болған. Оның айтуынша қаза болғандар арасында екі әйел адам бір бала бар.
Айта кетейік, Ауғанстан билігіне тәліптер келгелі ИГИЛ террористері бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайтын болды. Мәселен биыл тамыз айының соңында аталмыш содырлар ұйымы қара халыққа оқ атып, 40 адамды өлтіріп, 110-нан астамы жараланған болатын.