Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде 44 412 адам коронавирустан емделіп жатыр

1 қарашада коронавирустан (КВИ+) 19 адам, сол сияқты жеті науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

3 қарашада КВИ-ден 44 412 адам (38 806+ және 5 606 КВИ–) емделіп жатыр, оның ішінде стационарларда – 7 982 пациент, амбулаториялық деңгейде –36 430 пациент.

Науқастар ішінде:

  • ауыр халде – 528 пациент,
  • аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 164 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 109 пациент.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 312 жаңа жағдайы тіркелді. Ал 2589 науқас ковидтан емделіп шықты.