Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспанаға құжаттар қабылдау екі күннен соң басталады
Ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге болуы керек

Елордада «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау осы жылдың 4 қарашасында сағат 9:00-де басталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жұмыс істейтін жастардан құжаттарды қабылдау 4 қараша сағат 9:00-ден 2021 жылғы 11 қараша сағат 23 59-ға дейін qatysu.zhilfond.kz порталында тек онлайн түрде жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, жалға берілетін тұрғын үй сатып алу және ұзарту құқығынсыз 5 жыл мерзімге беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы – 5 000 – 15 000 теңге.
Өтінім берілгеннен кейін, оның қаралуына қарай, өтініштің статусы көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Үш статустың бірі болуы мүмкін:
- Жұмысқа қабылданды (бағдарламаның шарттарына, құжаттардың толық тізбесіне сәйкес келсеңіз);
- Түзету қажет (сіз құжаттардың толық емес пакетін, сапасы нашар құжаттарды және т.б. тіркедіңіз және түзету күні құжаттарды жіберу қажет);
- Бас тартылды (бағдарлама шарттарына сәйкес келмесеңіз).
Өтінім беруші өтінімнің мәртебесімен телефонға SMS-хабарлама алғаннан кейін qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы таныса алады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- 29 жасқа толмаған ҚР азаматы;
- аяқталған орта / арнайы орта / жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасқан;
- Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты үздіксіз тіркелу;
- өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде ҚР бойынша меншік құқығында, сондай-ақ 2 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
- төлем қабілеттілігін растау (ай сайынғы табыс минимум 116 680 теңге/соңғы 6 айда 40 АЕК болуы керек).