02.11.2021, 11:46
Жаңалықтар
Үндістанмен арадағы тұрақты әуе рейстері қайта ашылады – ИИДМ
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады
Фото ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Қазақстан мен Үндістан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге рұқсат етілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«2021 жылғы 15 қарашадан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Дели – Алматы бағытында аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы