Пандемия кезінде кейбір шектеулер адам құқығын бұзды – сарапшылар

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 16 наурыз күні енгізіліп, 2020 жылдың 11 мамырында күші жойылды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сарапшыларының қатысуымен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ұйымдастырған «COVID-19 пандемиясы кезіндегі Орталық Азияда адам құқықтарын қорғау» өңірлік конференциясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтистің айтуынша елімізде пандемия кезінде адамның көптеген құқығы, оның ішінде жүріп-тұру бостандығы, бейбіт жиындар өткізу еркіндігі, пікір білдіру бостандығы, жеке өмірге, әділ сот процесіне құқықтарын қамтамасыз ету айтарлықтай шектелген әрі бұл шектеулер рұқсат етілген өлшемдерге сәйкес келме йді.

«Қазақстанда төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 16 наурыз күні енгізіліп, 2020 жылдың 11 мамырында күші жойылды. Әрі қарай шектеулерді реттеу ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулылары арқылы жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында Қазақстанда пандемияға байланысты адам құқықтарын шектеулер болды. Бірақ құқықтық актілердің халықаралық стандарттарына сәйкес тиісті тексеру болған жоқ», – дейді құқық қорғаушы.