Олар: Түркия, Ресей және Болгария
Балалармен демалу үшін қауіпті саналатын елдерді анықтау үшін «АльфаСтрахование» компаниясы арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Түркия, Ресей және Болгария елдері қауіпті елдердің көшін бастады.
Статистикалық мәліметтерді алу үшін сарапшылар қай елдерде ата-аналар балалары үшін медициналық көмекке жүгінгенін анықтады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, 2021 жылдың жазында балалар ауруларына байланысты дәрігерлерден көмек алу үшін өтініштердің басым бөлігі Түркияда тіркелген (29,7 пайыз). Екінші орында Ресей, оның үлесі 13,1 пайызды құрайды. Үшінші орында - Болгария (12 пайыз). Одан кейінгі орындарда Грузия (11,7 пайыз) және Кипр (7,5 пайыз) елдері тұр.