Павлодарда Тәуелсіздік жылдары алғаш рет бір млн тонна дәнді дақыл жиналды

Автор: Azattyq Rýhy

Успен ауданының жалпы алымы 45%-ды құрайды

Фото ашық дереккөзден

Успен ауданы ең жоғары өнімділік көрсетті. Биыл аудан дәнді дақылдардың жалпы түсімінен 193 мың тонна немесе облыс бойынша жалпы түсімнің 18% алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, облыс бойынша қарақұмықтың жалпы жинағы – 48,5 мың тонна, ал оның 22 мың тоннасы Успен ауданының жалпы алымы немесе 45%-ын құрайды.

Жұмыс сапары барысында басқарма қызметкерлері «Штрек Н.П.» ШҚ қоймалары мен алаңдарына барды.

«Шаруашылық 2001 жылы құрылған. Қазіргі уақытта Николай Николаевич Штрек шаруа қожалығының басшысы болып саналады. Бүгінгі күні фермердің иелігінде 5,7 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бекітілген. 2021 жылғы егіс алқабы 5,4 мың га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 5,1 мың га, майлы дақылдар – 0,3 мың га», - дейді ведомствода.

«Штрек Н.П.» ШҚ басшысы берген мәліметтерге сәйкес, биыл өнімділік 12 ц/га, өткен жылы 7 ц/га құрады.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша жалпы егін жинау алаңы 1 258,2 га құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 79,1 мың га артық. Оның ішінде: дәнді дақылдар – 873,2 мың га, майлы дақылдар – 266,8 мың га, жем-шөп дақылдары – 89 мың га, картоп – 20,3 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 8,9 мың га.

Дәнді дақылдар 873,2 мың га алқапта жиналды, 1 054,7 мың тонна бастырылды (2020 жылы 826,2 мың тонна), орташа өнімділік 12,1 ц/га.