29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

Синоптиктер жұма, яғни 29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Фронтальды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысым аумағымен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман түсіп, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін күшейеді, күндіз солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының шығысында, солтүстігінле жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз  облыстың солтүстігінде – көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с соғады.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с соғады, таңертең және күндіз тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман түседі.