Коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

26 қазанда коронавирустық белгілері бар пневмониямен ауыратын тағы 148 науқас анықталды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда 26 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан 29 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирустан 27 адам қайтыс болды. Тағы екі науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

26 қазанда коронавирустық белгілері бар пневмониямен ауыратын тағы 148 науқас анықталды.

28 қазанда COVID-19-дан емделуді 49 270 адам (43 376 КВИ+ және 5 894 КВИ–) жалғастыруда.

Оның ішінде:

  • Стационарларда – 8 485 пациент;
  • үйде емделіп жатыр – 40 785 пациент;

КВИ+ және КВИ - мен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде – 594 пациент,
  • аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 152 пациент,
  • ӨЖЖ аппаратында – 112 пациент.