Бейжің Олимпиадасының медальдары таныстырылды

Azattyq Rýhy

Олимпиадаға 95 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады

Қысқы ойындарды ұйымдастыру комитеті бірер айдан кейін сарапқа салынатын жүлделердің үлгісін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның ортасына олимпиаданың 5 сақинасы ораласқан. Ал астында қысқы ойындар туралы ағылшынша ақпарат бар. Екінші бетінде дәл осы жазба қытай тілінде көрініс тапқан. Бұған қоса, медальдің бетінде 24 нүкте кездеседі. Бұл олимпиадалық ойындардың реттік саны және жергілікті ұғымда «шексіз жұлдызды аспан» дегенді білдіреді.

Медальдің қорапшалары бамбуктан жасалған. Бұл Қытай мәдениетінің бір бөлігі, басқа жағынан экологиялық таза өнім дейді ұйымдастырушылар. Бейжіңдегі ойындардың өзі тура 3 айдан кейін, яғни 4 ақпанда басталады. Оған 95 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Қазақстан құрамасында әзірге 38 лицензия жеңіп алды. Қысқы ойындарға дейін оның санын 90-нан асыру жоспарланып отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.