Семейлік оқушылар халықаралық сайыста бас жүлдеге ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қос шәкірт – мектептің «Star» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Даяна Мақұлбаева мен Медина Мақсат «Алтын Самұрық» халықаралық сайыс-фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырыла ұйымдастырылған өнер додасы екі күн қатарынан жалғасты. Вокал, хореография, көркем сөз, еркін тақырып аталымдары бойынша фестиваль нағыз мықтыларды анықтады.

«Қос шәкіртіміз – мектебіміздегі «Star» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері. Бұған дейін де түрлі сайыстарда топ жарып жүрген әншілеріміздің болашағы зор деп ойлаймын. Ол үшін мектеп тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. «Алтын Самұрық» халықаралық сайыс-фестивалінде екеуі де Гран-при ұтып алды. Соның ішінде Медина қазылар алқасының өзін мойындатып, сайыстың ең жоғарғы марапаты «Grand Prix жүлдесіне ие болды», - дейді студия жетекшісі Руслан Қасенов.

Сайыста «Сен» әнімен өнер көрсеткен Медина Мақсат 8-сыныпта, ал «Hurt» әнімен бағын сынаған Даяна Мақұлбаева 11-сыныпта оқиды. Ұйымдастырушылар вокалдық студия жетекшісі еңбегін ескере отырып, Руслан Мұхаметқалиұлына Алғыс хат табыстады.

Эльмира Мәмбетқызы