Алматы қаласы көш бастап тұр
Қазақстанда коронавирустан 20 адам, пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирустан қайтыс болғандар:
Алматы қаласында - 5;
Қарағанды облысында - 3;
Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - 2;
Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Ал Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.