Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер жексенбі, яғни 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орталық Азия территориясына жеткен батыс антициклоны Қазақстан Республикасы аумағына да таралуда. Сол себепті, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтеріледі, тек еліміздің солтүстік аудандарында, шығыс және батыс бөліктерінде фронталды аумақтың әсері сақталып, тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болып, тұман түсіп, жел соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында. 

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, түнде Шығыс-Қазақстан облысының батысында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде 15-20 м/с жел күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін.

Ал Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді.