Алматы облысы «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

Қызылорда «жасыл» аймаққа өтті

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 21 қазандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетейік, Алматы мен Қызылорда облыстары кеше «сары» аймақта тұрған болатын.