22 қазаннан бастап күн жылынады
21-23 қазан аралығында еліміздің оңтүстік және шығыс облыстарында нөсерлі жауын жауып, дауылды жел тұрады деп хабарлады «Қазгидромет».
«Мурманск аудандарынан келген Циклон жаңбыр мен қар түрінде, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда — қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, орталықта және шығыста боран түрінде көрініс табады. Оған қоса, ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 жылуға дейін, күндіз 2-10 градус нөлден жоғары болады», - делінген синоптиктер таратқан ақпаратта.
Ал 22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынның біртіндеп тоқтатылуы және күндіз ауа температурасының 15-22 жылуға дейін көтерілуі күтіледі.