АҚШ-та жолаушылары бар ұшақ апатқа ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Әуе кемесі жанып кетті

Фото ашық дереккөзден

McDonnell Douglas DC 9-87 жолаушылар ұшағы АҚШ-тың Техас штатының Уоллер округінде апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 20-дан астам адам болған, деп хабарлайды Click2Houston басылымы.

21 жолаушының ұшақтан кеткені хабарланған. Әзірге тек бір ғана жәбірленуші туралы белгілі. Бірақ оның қазіргі жағдайы жайында әлі хабарланбады.

Click2Houston мәліметтері бойынша, ұшақ Брукширдегі Хьюстон әуежайынан (Houston Executive Airport) ұшуы керек еді. Қазір апат орнында екі тікұшақ пен бір кіші ұшақ жүр.