АҚШ-та әлемдегі тұңғыш шабуылдау винтовкасы бар робот ит таныстырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Vision 60 робот иті 1200 метр қашықтықта нысандарды тауып, жоя алады

Фото ашық дереккөзден

Atameken business арнасының хабарлауынша, Vision 60 робот иті жоғары жылдамдықпен  құлап кетпестен мұзда да ұзақ қашықтықты жүріп өте алады.

S. W. O. R. D.  Defence Systems компаниясы бұл робот итке құлтемірлердің әскери мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін арнайы Purpose Unmanned Rifle жүйесін орнатқан. Онда жылу түсіргіш және 30 есе үлкейтетін камера бар. Яғни, құрылғыны басқаратын адам тіпті түнде де іздегенін оңай тани алады.

Vision 60 робот  иті оператордың өміріне қауіп төндірмей, жәбірленушіге жақын қашықтыққа жақындауға көмектеседі. Мұндай жаңа құрылғыға АҚШ пен Австралия әскерлері қызығушылық танытып отыр.

Тегтер: