Енді олар бір ойынды көрерменсіз өткізеді
Одан бөлек Англияның футбол ассоциациясы 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Lenta.ru. Мұның бәрі Англия футболшыларының Еуро-2020 финалындағы тәртіпсіздігі үшін жасалуда.
Айта кетейік, Еуро-2020 финалы 11 шілде күні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен болатын. Италия мен Англия арасында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталғанымен, пенальти нәтижесінде итальяндықтар жеңіс тұғырынан көрінген.