Netflix «Кальмар ойыны» фильмінің арқасында 900 млн доллар табыс тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Фильмнің алғашқы екі минутын 23 күнде 132 млн адам көрген

Фото ашық дереккөзден

Netflix компаниясының сараптамасы бойынша, шоуды көріп бастаған адамдардың 89 пайызы бірнеше сериясын ғана тамашаласа, 66 пайызы сериалды толығымен көрген, деп хабарлайды Bloomberg. Сериалды тамашалауға көрермендер жалпы есеппен 1,4 млрд сағат уақыт жұмсаған.

Соған қарамастан, аталмыш сериал компанияның өзге өнімдері арасынан танымалдығы үшін ғана емес, құнының арзандығы үшін де ерекшеленеді. Netflix құжаттарына сүйенсек, 9 бөлімді сериалды түсіру үшін 21,4 млн доллар жұмсалған.