Ресейлік депутат: компьютерлік атыс ойындарына тыйым салу керек

Автор: Azattyq Rýhy

Геннадий Онищенко Пермь мектебіндегі атыстан кейін осындай ұсыныс білдірді

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы ФАН хабарлады. Бұған дейін Ресейдегі Пермь алқабына қарасты Сарс ауылында алтыншы сынып оқушысының мектепке қарумен келіп, сыныптың қабырғасы мен төбесіне екі рет оқ атқаны хабарланған еді.

Осы оқиғадан кейін Мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко «балаларды қатігездікке баулитын компьютерлік ойындарға тыйым салу керек» деген ұсынысын жеткізді. Депутаттың айтуынша, мектептегі атыс – кешендік шаралармен ғана шешуге болатын өзекті мәселе. Сондықтан, ғаламтордағы контентті қатаң бақылауға алу керек деп санайды.

«Балалардың интернетте не қарап жүргенін қатаң қадағалау керек деп жүргеніме қанша болды?! Бұл әсіресе, жасөспірімдер ойнайтын компьютерлік ойындарға қатысты. Ол ойындарда қатігездіктің түр-түрі көрсетіледі. Бәрі өлтіруге, атуға, жарылысқа құрылған. Бұл бізді мазалауы тиіс мәселе», – дейді депутат.