Үш өңір «сары» аймақтан шыққан жоқ
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 18 қазандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
«Сары» аймақта : Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.