Қазақстанда соңғы бір жарым жылда бес мыңға жуық адам пневмониядан қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір тәулікте 1642 адам коронавирус індетін жұқтырды

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 35 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырғаны анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Ал коронавирус пневмониясынан 7 адам қайтыс болса, 78 адам жазылып кетті.

2020 жылдың 13 наурызынан бастап, бүгінге дейін 77 995 адам коронавирус пневмониясымен ауырды. Сондай-ақ 4962 адам қайтыс болып, 66483 науқас жазылып шықты.

Елімізде өткен тәулікте 1642 адамнан коронавирус індеті анықталды, ал 1459 науқас емделіп шықты.