Өзбекстан әуежайына Ауғанстанға гуманитарлық жүк тиелген алғашқы ұшақ қонды

Автор: Azattyq Rýhy

 Салмағы 30 тоннадан асатын жүкті БҰҰ -ның босқындар басқармасы жіберген

Фото ашық дереккөзден

Мұнда негізінен азық-түлік пен киім-кешек тиелген. Гуманитарлық көмек Термездегі логистикалық орталықтан Мазари-Шарифке жеткізіледі. Бұдан бөлек елге тағы екі ұшақ келуі тиіс. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады.

БҰҰ мәліметі бойынша, қазір 20 миллионға жуық ауған азаматы көмекке зәру және олардың саны күн сайын артып келеді. 

«Бұл – ауған халқына көмек көрсетуге бағытталған кең ауқымды операцияның бір бөлігі. Біз жалпы 100 тоннаға жуық азық-түлік пен қысқа қажетті керек-жарақтарды жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ұшақтарымыз осы Өзбекстанның Термез қаласына келеді. Барлық тауар Ауғанстанға жеткізілгенше дейін осы жердегі логистикалық орталықта сақталады» – деді Орталық Азия бойынша босқындар ісі жөніндегі БҰҰ жоғарғы комиссарының басқармасы өкілінің орынбасары Думитру Липкану.