Жапония туристері Байқоңырдан ғарышқа аттанбақ

Автор: Azattyq Rýhy

Олар желтоқсан айында ұшырылатын «Союз МС-20» кемесімен сапарға шығады

Фото ашық дереккөзден

«Союз МС-20» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2021 жылғы 8 желтоқсанда ұшады. Бұл туралы Express Qazaqstan хабарлайды.

Ғарышқа аттанатын команда құрамында жапониялық кәсіпкер Юсаку Маэзава және оның көмекшісі Йозо Хирано бар. Экспедиция командирі ресейлік ғарышкер Александр Мисуркин.

Роскосмос ақпараты бойынша, Жапонияның азаматтары ғарыш туристері ретінде барады. Олар Ғарышкерлерді даярлау орталығында маусым айында жаттығып, дайындалып келеді.

Байқоңырдан аттанатын ұшақ Халықаралық ғарыш станциясына 12 тәулікте жетеді.