Келесі жылдан бастап шетелдік вакциналар ақылы түрде салынады

Автор: Azattyq Rýhy

2022 жылдан бастап елімізде шығарылатын вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынады

Фото: ТАСС

Келесі жылдан бастап Қазақстанда өндірілмейтін вакциналар ақылы түрде салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Денсаулық сақтау министрі 2022 жылдан бастап елімізде шығарылатын вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынатынын айтты.

«Республикада өндірілмейтін басқа екпелер ақылы түрде салынады. Себебі біз өз вакцинамызды шығарып отырмыз. Оның клиникалық тиімділігі де дәлелденген. Басқа вакциналар тұмауға қарсы және басқа да вакциналар сияқты коммерциялық айналымға жіберіледі. Қазір ол компаниялармен еліміздің нарығына кіру туралы келіссіөздер жүргізіп жатырмыз. Кез келген адам шетелдік вакциналарды ақылы түрде салдыра алады», - деді министр.