Қаржы министрлігіне қарасты мекеме басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Орталық басшысы мен орынбасары жүйелі түрде пара алып келген

Фото: camonitor.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп пара алу күдігі бойынша Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің «Кинологиялық орталығы» РММ басшысы мен оның орынбасарын әшкереледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар бағынышты қызметкерлерінен қызмет бойынша жалпы қамқорлықтары үшін жүйелі түрде 2 миллион 182 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін күдікке ілінген. Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді», - делінген агенттік хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: