КВИ-мен ауырғандар жаңа хаттама бойынша емделеді – вице-министр

Автор: Azattyq Rýhy

Ажар Ғиниятқызы дәрігерлердің қазіргі уақытта сол хаттамамен емдеуді бастап кеткенін айтты 

Фото: ашық дереккөзден

COVID-19 ауырған науқастарда байқалатын негізгі белгілер мен синдромдар қандай? Олар созылмалы болып қала ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оқырмандар жолдаған сұрақ қойылды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл өзекті мәселе. COVID-тен кейінгі белгілер 12 апта өткен соң пайда болуы мүмкін.

«12 аптадан артық уақыт ішінде көптеген науқастарда белгілер пайда болады. Егер инфекцияның патогенезін алсаңыз, біз тамырлардың эндотелийге және барлық органдар мен жүйелердегі тамырлар зақымданатыны жайлы бірнеше рет айттық. Біздің ғалымдар постковидті емдеудің клиникалық хаттамасын әзірледі. Олар: жүрек-қан тамыр жүйесінің асқынулары болатынын айтты, бұл миокардит, жүрек ырғағының бұзылуы, перикардит, эндокринологиялық жүйенің бұзылуы, қант диабеті, сондай-ақ, қалқанша бездің бұзылуы. Сондай-ақ, когнитивті бұзылулар, ұзақ апатия, әлсіздік, ұйқының бұзылуы сияқты жүйке жүйесінің де бұзылулары байқалады. Бұл белгілердің бәрі және оны қалай емдеу керек екені хаттамада көрсетілген. Бұл ретте пульмонологтар, кардиологтар және неврологтар кіретін дәрігерлердің көп салалы тобы емдейді. Мұндай хаттама дәрігерлерде бар, қазірдің өзінде емдеу жүргізіліп жатыр», - деді спикер.