Вакцинация пункттері 36 медициналық мекемеде және 5 сауда орталығында орналасқан
Астаналықтардың 67%-дан астамы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі уақытта қала тұрғындарының 67%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Елорда бойынша 647 мың адам вакцинациялауға жатады. Толық иммундаудан 401 мың азамат өтті», - деді қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов.
Спикердің айтуынша, бүгінде елордада вакцинация пункттері 36 медициналық мекемеде және 5 сауда орталығында орналасқан.
«Жаппай вакциналау басталғаннан бері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 100 мыңға жуық азамат екпе алды. Азаматтарды вакцинациялауға 300-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Бұдан басқа, екі апта бұрын қаланың ТЖ вокзалдарында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында егу пункттері ұйымдастырылған», - деп толықтырды Асхат Оралов.
Ол бұл шаралардың бәрі халыққа екпе алуға ыңғайлы болу үшін қабылданып жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, елорда әкімдігі өткен аптада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойынын өткізге болатын.