Өзбектер мен тәліптер темір жол салу жайын талқылады
Ауғанстан электр энергиясы үшін Өзбекстанға 9,9 млн доллар қарыз
Тәліптер мен Өзбекстан билігі трансауған темір жолын салу жайын талқыламақ. Бұл жөнінде көрші елдің сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың Кабулге барған іс-сапарынан белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министр Ауғанстанның уақытша үкімет мүшелерімен кездесулер өткізіп, бірқатар келіссөз жүргізді. Енді жақын арада Өзбекстан билігі тәліптермен өз жерінде, яғни Термез қаласында кездесіп, «Термез – Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар» бағыты бойынша темір жол және де «Сурхан – Пули-Хумри» электр жеткізу желісін салу жайын талқылауды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, қазіргі таңда Ауғанстан электр энергиясы үшін Өзбекстанға 9,9 млн доллар қарыз. Бірақ бұған қарамастан Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын жеткізуді тоқтатпайтынын жариялаған болатын. Ал тәліптер Ауғанстаннан Өзбекстанға ешқашанда қауіп төнбейді деп сендірді.