Елордада Тұран даңғылында жылдамдық шегі 60 км/сағ дейін азайтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін шекті жылдамдық 80 км/сағ болатын

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран даңғылында жылдамдық шектеуі өзгертілді. Енді жүргізушілері 60 км/сағ-тан асырып жүре алмайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy City Transportation Systems-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тұран даңғылының бойында Керей Жәнібек Хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі екі бағыттағы учаскеде жылдамдық 80-нен 60 км/сағ дейін төмендетілді. Жылдамдықты шектеуді бұзу 2021 жылдың 8 қазанында сағат 00.00-ден басталды.

«Біз елорда тұрғындары мен қонақтарына аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа ала отырып қозғалысты жүргізуді сұраймыз», - делінген хабарламада.