Бір тәулікте 2000-ға жуық адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда 6 қазанда коронавирустық инфекциядан (КВИ+) және COVID-19 белгілері бар пневмониядан және теріс ПТР-тесттен (КВИ-) 43 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
КВИ-ден 37 адам, ал коронавирустық пневмониядан алты адам қайтыс болды. Сол сияқты пневмониямен ауырған 342 адам емделіп шықты.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 11 459 адам қайтыс болды.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1896 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Сол сияқты 2804 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.